Бар болғаны бірнеше қадамды орындап, алғашқы клиенттерді қабылдай бастайсыз:
Егер әлі жасамаған болсаңыз, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеліп, банктен есеп айырысу шотын ашыңыз
Картадан алу пунктінің орнын таңдаңыз және «Пункт Ozon» қосымшасы арқылы өтінім қалдырыңыз
Ғимаратқа жөндеу жасаңыз — біз бәрін тексерген соң, клиенттердің тапсырыстарын бере аласыз
Қандай ғимарат қолайлы?
«Максимум бренд» тапсырыс алу пунктіне жеке кіреберісі бар және ауданы 20 м²-ден кем емес ғимарат жарайды. Ал шағын қалаларда «Ozon бұрышы» форматын кез келген көлемдегі шағын ғимаратта да ашуға болады. Ғимаратты қалай дайындау керек
Қалай табысқа жетеміз?
ТАП-тің негізгі міндеті — тапсырыстарды беру. Ол үшін әр тапсырыстағы әр тауар бағасының 5%-ын төлейміз, бірақ бір позиция үшін төлем құны 1600 ₸-ден аспайды.
Сонымен қатар ТАП-та көрсетілетін қызметтер де төленеді:
сатушылардан тауар қабылдау — бір позиция үшін 100 ₸;
қайтарымдарды тіркеу — бір тауар үшін 100 ₸.
Табысты арттыру үшін басқа жеткізу қызметтерінің сәлемдемелерін де беруге немесе ТАП-та қосымша кәсіп жүргізуге болады. Табысты арттырудың тиімді жолдары туралы толығырақ «Бестселлер» мақаласынан оқыңыз
Картада пункт қашан пайда болады және клиенттер ол туралы қалай біледі?
Сіздің пунктіңізді Ozon алу пункттері картасына және танымал геосервистердің онлайн карталарына қосамыз. Сондай-ақ маркетплейс сатып алушыларына хат пен қосымшада хабарлама жібереміз — пункттің мекенжайын көрсетіп, тауарды сол жерге тапсырыс беруді ұсынамыз. Әрі маркетиң командасы клиент тартуға арналған іс-шараларға көмектеседі.
Барлық сәлемдемені пунктіңізге өзіміз жеткіземіз — сізге тек курьерден қабылдап алу керек
Тапсырыстарды қалай беремін?
Тапсырыстармен жұмыс істеу үшін «Турбо ТАП» жүйесі қолданылады. Жүйе арқылы курьерлерден жөнелтілімді қабылдап, клиенттерге сәлемдеме беріп, қайтарым қабылдай аласыз. Жабдықтардан тек компьютер және/немесе смартфон әрі штрихкод сканері қажет. Тапсырыстармен жұмыс туралы толығырақ «Бестселлерден» біле аласыз